«Ювентус» тоғызыншы Суперкубогін қоржынына салды

21.01.2021, 09:13
Пирлоның бапкерлік мансабындағы алғашқы трофейі.
«Ювентус» тоғызыншы Суперкубогін қоржынына салды

Италия суперкубогіне таласта “Ювентус” “Наполиді” 2:0 есебімен жеңді.

Ойынның есебін 64 минутта Криштиану Роналду ашса, 95 минутта Альваро Мората есепті 2:0-ге жеткізді. Осылайша туриндіктер тоғызыншы суперкубокқа ие болды. Ал “Ювентустың” бас бапкері Андреа Пирло үшін бұл бапкерлік мансабындағы алғашқы жүлдесі.

“Кәрі синьора” осымен 16-шы мәрте суперкубокта бақ сынап, тоғызында жеңіске жетсе, жеті рет жеңілістің ащы дәмін татқан. “Ювентус” осыған дейін 1995, 1997, 2002, 2003, 2012, 2013, 2015 және 2018 жылдары қарсылас шақ келтірмеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×