«Ақтөбе» клубына төрт футболшы қаралымға келді

10.02.2021, 19:41
Барлығы да шетелдік ойыншылар
«Ақтөбе» клубына төрт футболшы қаралымға келді

Португалиялық шабуылшы Фабио Фортес, ресейлік жартылай қорғаушы Максим Казанков, гвинеялық қорғаушы Секу Конде және армениялық қорғаушы Армен Манучарян "Ақтөбенің" Түркиядағы ОЖЖ-на қосылды.

28 жастағы португалиялық шабуылшы Фабио Фортес бұған дейін тек өз елінде ойнаған. Оның ішінде "Виктория Гимарайнш", "Арока", "Пенафиель" секілді клубтарда өнер көрсетті.


Максим Казанков өткен маусымды "Томь" клубында өткізді, команда капитаны болды. Тәжірибелі 30 жастағы жартылай қорғаушының Түркіменстан азаматтығы да бар. Мансабын "Копетдаг" ФК-да бастаған. 2012 жылы "Локомотив" клубымен бірге Өзбекстан чемпионы атанды.


27 жастағы Гвинея құрамасының қорғаушысы Секу Конде соңғы екі маусымды франциялық "Шатору" клубында өткізді, команданың негізгі қорғаушысы болды. Сондай-ақ ол Украина мен Израильде доп тепті.

Армен Манучарян - Армения құрамасының қазіргі ойыншысы. Соңғы рет волгоградтық "Ротор" сапында доп тепті. Ресей Премьер-лигасының ағымдағы маусымында 7 матчқа қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×