«Қызыл-Жар» сапына беларуссиялық қорғаушы келіп қосылды

10.02.2021, 17:52
Футболшы өткен жылы Беларусь құрамасына шақырту алды.
«Қызыл-Жар» сапына беларуссиялық қорғаушы келіп қосылды

Александр Позняк "Қызыл-Жар" клубының жаттығу жиынына келіп қосылды

Александр Позняк - "Лида" клубының тәрбиеленушісі. Кейін "Неман" клубына ауысып, жастар командасында өнер көрсеткен болатын. 2014 жылы "Лида" футбол клубына жалға берілді. Оның құрамында Беларусь чемпионатының екінші дивизионында 13 матч өткізді.

2014 жылдың қыркүйегінде "Неман" клубының негізгі құрамында дебюттік ойынына шықты. Сол жылдан бастап Белоруссияның жастар құрамасына шақырту ала бастады. Достастық Кубогінде өнер көрсетіп, өз құрамасымен бірге екі рет турнирдің қола жүлдегері атанды. 2020 жылы Болгарияға қарсы жолдастық кездесуде ұлттық құрамаға шақырту алды.

"Қызыл-Жар" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×