Клубтық деңгейде ең көп гол соққан футболшылардың тізімі жарияланды

10.02.2021, 16:54
Бұл тізімге 500-ден көп гол соққан футболшылар енді.
Клубтық деңгейде ең көп гол соққан футболшылардың тізімі жарияланды

Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы клубтық деңгейде ең көп гол соққан футболшылардың тізімін жасады. Оған клубтық мансабында 500 немесе одан да көп гол соққан футболшылар кірді.

Бұл рейтингтегі алғашқы орын бразилиялық шабуылшы Ромариоға тиесілі (689 гол). Пеле (684) екінші орынға ие болды. Криштиану Роналду 661 голмен үздік үштікті түйіндеді. Лионель Месси (651) бесінші орында. Аталмыш рейтингке қазіргі ойыншылардың ішінен Златан Ибрагимович енді, оның еншісінде 501 гол бар.

IFFHS тұжырымы бойынша клубтық деңгейдегі үздік сұрмергендер:

1. Ромарио (Бразилия) - 689 гол;

2. Пеле (Бразилия) - 684;

3. Криштиану Роналду (Португалия) - 661;

4. Йозеф Бицан (Австрия) - 656;

5. Лионель Месси (Аргентина) - 651;

6. Ференц Пушкаш (Венгрия) - 645;

7. Джимми Джонс (Солтүстік Ирландия) - 635;

8. Джо Бэмбрик (Солтүстік Ирландия) - 593;

9. Эйсебио (Португалия) - 581;

10. Герд Мюллер (Германия) - 566;

11. Гленн Фергюсон (Солтүстік Ирландия) - 562;

12-13. Фернанду Пейротеу (Португалия) - 538;

12-13. Джимми Макгрори (Шотландия) - 538;

14. Уве Зеелер (Германия) - 508;

15. Златан Ибрагимович (Швеция) - 501;

16. Альфредо Ди Стефано (Аргентина) - 500.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×