«Ақтөбенің» Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше ойыншылар қаралымнан өтіп жатыр. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым және Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Соломон Удо бар. Сондай-ақ «Ақтөбе» сапында сербиялық қақпашы Саша Стаменкович және ресейлік қорғаушы Антон Бочаров қаралымнан өтуде.
Командаға жартылай қорғаныс шебін күшейту үшін Мате Црнцевич есімді хорватиялық легионер келіп қосылды.
Былтырғы құрамнан шабуылшы Виталий Балашов, жартылай қорғаушы Рифат Нұрмұғамет және қорғаушы Ардақ Сәулет бапкерлік штабқа өз қажеттілігін көрсетуде. Жиындағы қалған барлық ойыншылармен алдын-ала келісім жасалған.
Біздің серіктес: FONBET