Жан-Али Пайруз «Шахтерден» кетті

17.01.2022, 17:14
Жас шабуылшы өткен маусымның екінші жартысын «Каспий» клубында өткізді.
Жан-Али Пайруз «Шахтерден» кетті

22 жастағы шабуылшы Жан-Али Пайруз Instagram парақшасында «Шахтерден» кететінін хабарлады.

«Барлығы үшін рахмет айтқым келеді! Мен бұл клубта 12 жасымнан бері болдым және өмір бойы «Шахтерге» жанкүйер болдым. Футболдағы алғашқы қадамымды жасаған кезде және стадионға барғанда қызғылт сары түсті жейдені киіп, Қарағандының намысын қорғауды армандадым. Осындай үлкен клубта ойнау мен үшін үлкен мәртебе, алаңға шыққан сайын қуанып, мақтанатынмын, жеңіс үшін барымды салдым.

Мен клубтың бапкерлеріне, басшылығына және бүкіл әкімшілігіне шексіз алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ клубты және мені бүкіл уақыт бойы қолдаған жанкүйерлерге көп рахмет!

Мен бұл клубты әрқашан жақсы көремін! Мен қоштаспаймын, өйткені бұл футбол және ертең не болатынын ешқашан білмейсің. Көріскенше, Қарағанды!», - деп жазды футболшы өз парақшасында.

Айта кетейік, Пайруз 2019 жылдың 9 наурызында «Ордабасымен» (0:3) өткен матчта «Шахтердің» негізгі командасы сапында дебют жасаған болатын. Содан бері «Шахтер» жейдесінде 56 кездесу өткізіп, 6 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.

Жас шабуылшы өткен маусымның екінші жартысын «Каспий» клубында өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×