Эдсон Еуропа чемпионатына қатысуы мүмкін

17.01.2022, 17:36
Ойыншы ұлттық құрамамен бірге жаттығу жасауда.
Эдсон Еуропа чемпионатына қатысуы мүмкін

«Қайрат» АФК ойыншысы Эдсон кеше Нұр-Сұлтандағы Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды futsalkazakhstan парақшасы.

Дереккөздің хабарлауынша, ойыншы ұлттық құраманың жейдесін киіп, командамен бірге жұмыс істеген. 

Еске салайық, бұған дейін 29 жастағы Эдсонның Қазақстан азаматтығын алатыны туралы ақпарат тараған болатын. Мұны «Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков те растаған еді.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 19 қаңтар күні басталады. Рикардо Кака Нидерландыға аттанатын ойыншылар тізімін әлі жариялаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×