«Ақтөбе» МФК-ның бас бапкері ауысты

22.09.2020, 02:55
«Ақтөбе» биыл Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.
«Ақтөбе» МФК-ның бас бапкері ауысты

Футзалдан «Ақтөбенің» бас бапкері болып танымал беларуссиялық жаттықтырушы – Виктор Тарчило тағайындалды.

Виктор Константинович 1965 жылы Беларусьтің Витебск қаласында дүниеге келген. Кәсіпқой футболшы және бапкер. Ол 2008 жылы жатттықтырушы лицензиясын алып, 2009 жылдан бастап беларусьтің футзалдан 10 жыл қатарынан чемпион болған Лида қаласының «Лидсельмаш» командасын жаттықтырды. Клубпен бірге ел біріншілігін 5 рет жеңіп, УЕФА Кубогына 5 рет қатысты, оның екеуінде турнирдің Элиталы раундында бақ сынаған.

Осыған дейін де Виктор Константинович «Витэн» командасыменде 2 мәрте ел чемпионы атанған. Ал 2019 жылы футзалдан чехиялық «Сварог» командасының тізгінін ұстады. Өзінің алғашқы жылында «Сварог» командасымен 4 орын алған.

Жетістіктері:

Футзалдан Беларусь Республикасының 6 мәрте жеңімпазы;

Футзалдан Беларусь Республикасы Супер Кубогінің 2 мәрте жеңімпазы;

Футзалдан Беларусь Кубогінің жеңімпазы;

Футзалдан Беларусь Республикасының қола медаль. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×