«Тобыл» клубында қандай өзгерістер болады?

22.09.2020, 14:53
Қостанайлық ұжым грузиялық ойыншылармен қоштасуға ниетті.
«Тобыл» клубында қандай өзгерістер болады?

"Тобыл" маусымның соңында бірнеше ойыншымен қоштасуға ниетті", - деді журналист Айдын Қожахмет өзінің Telegram-арнасында.

Оның айтуынша, "Тобыл" клубының басшылығы командадан кететін ойыншылардың тізімін дайындап қойған. Оның құрамына грузиялық жартылай қорғаушылар Джаба Канкава мен Ника Квеквескири кіреді. Олардың орнына "Тобыл" басшылығы жас және жылдамырақ ойыншыларды шақырғысы келеді.

Бұған дейін «Астана» да еуропалық жарыстардағы сәтсіз ойыннан кейін құрамды тазартуға бел буғаны белгілі болған еді. Елордалық клуб маусым соңында клубтан кететін 10-12 ойыншының тізімін дайындағаны туралы хабарланды.

Сегіз турдан кейін 13 ұпаймен «Тобыл» турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты. «Астана» (15) екінші орында келе жатыр, бірақ көшбасшы «Қайраттан» тоғыз ұпайға артта тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×