«Ақтөбе» «Пари Матчпен» келісімге келді

29.06.2020 15:28 Бірінші лига

«Пари Матч» букмекерлік кеңсесі Бірінші лиганың командасына демеуші болды.

«Ақтөбе» «Пари Матчпен» келісімге келді

Букмекерлік кеңсе мен футбол клубы арасындағы келісім 3 жылға жасалынған. Егер "Ақтөбе" премьер-лигаға жолдама алса, "Пари Матч" үстеме сыйақы береді. Сонымен қатар, бірінші лиганың клубы Қазақстан кубогының жартылай финалына жететін болса да сыйақы алады. Биыл Қазақстан кубогы өтпейтін болды. Дегенімен, келісім-шарт 3 жылға жасалынды.

- "Ақтөбе" футбол клубы қазір қиын жағдайда. Біз оларға көмектескіміз келеді. Бұл клубтың фанаттары өте көп. Сондықтан да, біз де солар секілді "Ақтөбеге" сенеміз. Келесі жылы клуб Премьер-лигада ойнауы тиіс. Қазақстан футбол картасында Ақтөбе ерекше қала. Біз де бұл қаланың бір бөлшегі болғымыз келеді, дейді "Пари Матч" өкілі Роман Бойко.

Қақпашылар жейдесі


- "Ақтөбе" футбол клубы барлық қарызынан құтылды. Енді "Пари Матчтан" түскен қаржыны клубқа түгел бөлеміз. Сосын фанаттар букмекерлік кеңсемен келісімге отырдыңыздар, біріншілік арасында кейбір матчтарды әдейі жеңіліп қаласыздар деуі де мүмкін. Біз оған да дайынбыз. Клуб барлық ойындардан тікелей көрсетілімдер жасайды, деді клуб басшысы Артур Смағұлов.

1 пікір

  1. АҚТӨБЕАҚТӨБЕ

    АҚТӨБЕАҚТӨБЕ

    29.06.2020 23:51