Нұртас Кургулин «Тараздың» спорттық директоры болып тағайындалды

29.06.2020, 21:20
Нұртас Кургулин «Тараз» футбол клубының спорттық директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Нұртас Кургулин «Тараздың» спорттық директоры болып тағайындалды

Жамбыл футбол мектебінің түлегі Н.Кургулин спорттық мансабын 2003 жылы «Тараздың» қосалқы командасы «Жамбыл» ұжымында бастаған. Негізгі құрамда 2005 жылы ойнай бастады. Ұзақ жылдар тараздық командада ойнаған ол команда капитаны ретінде ұжымды алаңға бастап шығып жүрді.

Қазақстан премьер лигасында «Тараздан» бөлек, қостанайлық «Тобыл» сапында да бірнеше маусым өткізді. Ұлттық құрамада да бірнеше ойында алаңға шыққан. Жоғарғы лигаба бас-аяғы 200-ден аса матч өткізген қорғаушы 2 рет гол соққан.

Биылғы жылдың басында Нүртас Кургуллин екінші лигада ойнайтын «Игілік» футбол клубының спорттық директоры болып тағайындалған болатын. Бұл қызметті «Тараз» клубында осыған дейін Азамат Ниязымбетов атқарып келген.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×