«Ақтөбе» ресейлік қорғаушымен келісім-шартқа отырды

09.06.2021, 02:39
Вахид Масудов клубқа келе салысымен жаңа ойыншыны қатарға қосты.
«Ақтөбе» ресейлік қорғаушымен келісім-шартқа отырды

Петропавлдық "Қызыл-Жардың" бұрынғы футболшысы Игорь Губанов "Ақтөбе" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz сайты.

29 жастағы Игорь Губанов - "Ростов" клубының түлегі. Бұған дейін ол "Сибирь-2", "Зенит-Ижевск" және "Чайка" сияқты ресейлік клубтарда ойнаған. Сондай-ақ белоруссиялық "Торпедо" мен "Слуцк" командаларында өнер көрсетті.

Губанов 2020 жылдың басында "Қызыл-Жарға" ауысты. Петропавлдық клубта 10 матч өткізіп, маусым соңында командадан кетті. Футболшы соңғы алты айдан бері еркін агент ретінде жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×