«Ақтөбе» «Штутгартпен» тең ойнады

12.01.2011, 22:45
«Ақтөбе» «Штутгартпен» тең ойнады
«Ақтөбе» Анталья қаласында өткізіп жатқан оқу-жаттығу кезінде өзінің алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. Батыс Қазақстан  командасының қарсыласы неміс жоғарғы Бундеслигасында өнер көрсететін «Штутгарт» командасы қосалқы құрамымен ойнаған болатын. Бұл ойын голға өте бай өтті. Екі команда біріге отырып матч бойына сегіз гол ұрып үлгерген. Соның төртеуі ақтөбеліктердің қақпасына кірсе, төртеуі бундесманштаф командасының қақпасына енген. Ойынның есебін 5-минутта, ақтөбеліктердің қатарында байқауда жүрген, африкалық шабуылшы Малик ашты. Содан кейін Қазақстандық команда біраз бәсеңдеп қалды. Осы сәтті «Штутгарт» командасының ойыншылары тиімді пайдаланып, матчтың 25-минутында есепті теңестірді. Екінші тайм бастала салысымен «Ақтөбе» ойын барысын өз қолына  алып, 70-ші  минутқа дейін толассыз шабылдаумен болды. Соның нәтижесінде, осы уақыттың ішінде Владимир Мұқанов шәкірттері қарсыластарының қақпасына үш жауапсыз гол ұрды. Көзге түскендер, 57-минутта Аверченко, 58-минутта Малик, 63-минутта Марат Хайруллин. Осыдан кейін «Ақтөбе» физикалық тұрғада шаршап қалдыма, әйтеуір қарсыластарына үш гол соғып, есепті теңестіріп кетуге мүмкіндік беріп қойды. Ақтөбеліктердің «Штутгартпен» ойнаған ойынындағы құрамы. Бойченко, Смаков, Мұқанов, (Чичулин 46), Фомичов (Логвиненко 76), Глигоров, Лимма (Хохлов 46), Хайруллин, Малик. Бүгінгі күні «Ақтөбе» сапында байқауда, жоғарыда айтылған Маликтен басқа, тағы бір Африканың өкілі, тіреуіш жартылайқорғаушы Лимма, македониялық ойыншы Никола Глигоров және Илья Фомичов, Руслан Сахалбаев сынды ойыншылар жүр. Сонымен қатар кеше ғана ақтөбеліктердің қатарын Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Данияр Мұқанов толықтырды. Батыс Қазақстандық команда келесі жолдастық кездесуін 15-қаңтар күні, красноярлық «Металлурпен» ал,  үшінші жолдастық кездесуін 18-қаңтар күні тағы бір Ресейлік командамен өткізеді.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×