«Ақтөбе» тағы бір ойыншымен қош айтысты

02.07.2021, 16:50
Футболшы осы маусымда бар-жоғы бес матчқа қатысты.
«Ақтөбе» тағы бір ойыншымен қош айтысты

"Ақтөбе" тараптардың өзара келісімі бойынша 24 жастағы жартылай қорғаушы Демият Сламбековпен келісім-шартты бұзатынын мәлімдеді.

Сламбеков "Ақтөбе" сапында 2020 жылдан бері ойнап жүр және өткен жылы Бірінші лиганың жеңімпазы атанды. Ал осы маусымда небәрі 5 матчқа қатысты.

Қазақстанда ол "Оқжетпес", "Бәйтерек", "Жетісу" командаларында ойнады. Литваға кеткеннен кейін, ол "Стумбрас" (8 ойын, 3 гол) және "Хегельманн Литауэн" (15 ойын, 3 гол) командаларының намысын қорғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×