Джейдон Санчо «Манчестер Юнайтедке» ауысты

02.07.2021, 14:15
Санчо қазір Англия құрамасымен бірге Еуропа чемпионатына қатысуда.
Джейдон Санчо «Манчестер Юнайтедке» ауысты

Дортмундтық "Боруссияның" басқарушы директоры Ханс-Йоахим Ватцке жартылай қорғаушы Джейдон Санчоның "Манчестер Юнайтедке" ауысқанын растады.

"Ол "Манчестер Юнайтедпен" келісіп қойды. Джейдон командасын ауыстырғысы келетіндігін айтты, ал біз оны сақтап қалғымыз келді. Трансферден алатын ақшаға біз онша қуанбаймыз, керісінше оның кетіп бара жатқанына ренжуліміз", - деді Ватцке.

Трансфер сомасы 85 миллион еуроны құрады. Ағылшын футболшысы "қызыл сойқандармен" 5 жылдық келісім-шартқа отырады. Трансфер сәтті аяқталу үшін ойыншыға тек медициналық тексерістен өту керек.

Санчо - "Уотфорд" пен "Манчестер Ситидің" түлегі және үлкен футболдағы мансабын 2017 жылы "Боруссияда" бастаған. Ол Англия құрамасына 2018 жылдан бастап шақыртылып келеді. Өткен маусымда 21 жастағы жартылай қорғаушы Бундеслиганың 26 ​​матчына қатысып, сегіз гол соқты (біреуі пенальтиден), 11 голдық пасы тағы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×