Серхио Рамостың қай командаға ауысатыны белгілі болды

02.07.2021, 14:53
Рамос жаңа командасына еркін агент ретінде қосылмақ.
Серхио Рамостың қай командаға ауысатыны белгілі болды

"Реал Мадридтің" бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос жақын күндері "Пари Сен-Жермен" клубына ауысады, деп хабарлады инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, испаниялық футболшы ПСЖ-мен келісім-шартқа отырмас бұрын медициналық тексерістен өтуге дайындалып жатыр. Рамос париждік клубпен екі жылдық келісім-шарт жасасады.

Серхио маусымның соңында келісім-шарттың аяқталуына байланысты мадридтік клубтан кеткен еді. Ол "Реал Мадридте" 2005 жылдан бері ойнады. Және бес рет Испания чемпионы атанды, екі Кубок пен төрт Суперкубокті жеңіп алды, төрт рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды, УЕФА Суперкубогінің үш дүркін жеңімпазы және клубтық әлем чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×