"Қызыл-Жар" Қазақстан Премьер-лигасының төртінші туры аясында "Ақтөбемен" кездесті. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 1:2 есебімен "Ақтөбе" жеңіске жетті.
Ойынның 66-минутында "Қызыл-Жар" клубының қорғаушысы Валерий Каршакевич есеп ашты. 90-минутта қосалқы құрамнан шыққан Дидар Жалмұқан таразы басын теңестірді. Ал 94-минутта Рифат Нұрмұғамет өз командасына жеңіс сыйлады. Бір қызығы, Рифат соңғы үш матч бойы алаңға қосалқы құрамнан шығып гол соғып келеді.
Үш ұпайы қайтарып берілген "Ақтөбе" 9 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал "Қызыл-Жар" алтыншы орында қала берді (7 ұпай).
Біздің серіктес: FONBET