«Боруссия Мёнхенгладбах» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

13.04.2021, 22:32
Марко Розе келесі маусымнан бастап дортмундтық «Боруссияны» баптайды.
«Боруссия Мёнхенгладбах» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

"Боруссия Мёнхенгладбах" клубын келесі маусымнан бастап кімнің жаттықтыратыны белгілі болды.

Клубтың ресми сайтының хабарлауынша, жаңа бас бапкеп ретінде қазіргі уақытта "Айнтрахт Франкфурт" командасының жаттықтырушысы Адольф Хюттер тағайындалмақ. Маман жаңа қызметіне осы маусым аяқталған соң кіріседі. Оның келісімі үш жылға жасалған.

Хюттер 2018 жылдан бастап "Айнтрахт" клубын жаттықтырып келеді. Бұған дейін Адольф Австрияның "Янг Бойз", "Ред Булл Зальцбург" және басқа клубтарын баптаған. Айта кетейік, "Боруссия М" клубының қазіргі бас бапкері Марко Розе келесі маусымнан бастап дортмундтық "Боруссияны" жаттықтырады.

28 турда 40 ұпай жинаған "Боруссия М" Бундеслиганың турнирлік кестесінде сегізінші орында келеді. "Айнтрахт Франкфурт" (53 ұпай) төртінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×