«Ақтөбе» тамаша камбэк жасады

13.04.2021, 21:02
«Ақтөбе» футбол ойнаудың не екенін 90-минутта түсінген секілді. Қос голды да қосалқы құрамнан шыққан ойыншылар соқты.
«Ақтөбе» тамаша камбэк жасады

"Қызыл-Жар" Қазақстан Премьер-лигасының төртінші туры аясында "Ақтөбемен" кездесті. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 1:2 есебімен "Ақтөбе" жеңіске жетті.

Ойынның 66-минутында "Қызыл-Жар" клубының қорғаушысы Валерий Каршакевич есеп ашты. 90-минутта қосалқы құрамнан шыққан Дидар Жалмұқан таразы басын теңестірді. Ал 94-минутта Рифат Нұрмұғамет өз командасына жеңіс сыйлады. Бір қызығы, Рифат соңғы үш матч бойы алаңға қосалқы құрамнан шығып гол соғып келеді.

Үш ұпайы қайтарып берілген "Ақтөбе" 9 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал "Қызыл-Жар" алтыншы орында қала берді (7 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×