Европа Лигасының іріктеу кезеңі аясында «Ақтөбе» командасы өз алаңында Украинаның «Динамосымен» кездескен болатын. Тартысты ойын 2:3 есебімен «Динамоның» пайдасына шешілді.
Алғашқы минуттан-ақ қонақтардың басымдығы байқалды. Бірінші голды 16 минутта Андрей Ярмоленко соқты. 37 минутта «Ақтөбе» сәтті шабуыл ұйымдастырып, есепті теңестірді, голдың авторы - Андрей Гейнрих. Сәлден соң «Ақтөбе» қақпасына тағы екі соғылды.
Браун Идейе мен Юнес Бельянд өз есептеріне бір ұпайдан жазса, «Ақтөбе» сапындағы Марат Хайруллин есепті 3:2-ге жеткізді. Қорытынды есеп те солай қалды. Жеңіс - киевтік «Динамода».