«Ақтөбе» жаңа бапкер тағайындады

02.05.2022, 00:49
Ертеңгі болатын ойынға команданы Петр Бадло дайындауда.
«Ақтөбе» жаңа бапкер тағайындады

«Ақтөбе» клубының футболшыларына 41 жастағы қазақстандық маман Андрей Карпович бас бапкер ретінде таныстырылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Күні кеше Андрей Карпович келіссөздер жүргізу үшін Ақтөбеге ұшып келген еді. Ал бүгін қос тарап жаңа келісім-шартқа қол қойды.

«Ақжайықпен» болатын ертеңгі ойынға команданы бас бапкердің міндетін атқарушы Петр Бадло дайындауда.

Еске салайық, 8-ші турдың қорытындысы бойынша Андрей Карпович «Қызыл-Жар» командасынан өз еркімен кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×