«Астана» мен «Тұран» тартысты өткен матчта ұпай бөлісті

01.05.2022, 22:57
Елордалық клуб камбэк жасап, бір ұпайға қол жеткізді.
«Астана» мен «Тұран» тартысты өткен матчта ұпай бөлісті

Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Астана» өз алаңында «Тұранмен» ойнады.

Матчтың небәрі бесінші минутында Алияр Мұхаммед есеп ашты. Бірнеше минуттан кейін алаң иелері пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ нүктеге келген Марин Томасов Ержан Тоқотаевтан айласын асыра алмады. 26-минутта Педро Эженио таразы басын теңестірді. Кездесудің 40-минутында Абдуллай Диакате пенальтиден гол соқты, ал бірінші таймның қосымша уақытында Фархат Мұсабеков мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда Эуженио да пенальтиді сәтті орындады. 73-минутта Томасовтың пасынан кейін Рай Влут қақпаны дәл көздеп, командасына бір ұпай сыйлады.

Қазақстан Премьер-лигасы, 9-тур

«Астана» – «Тұран» – 3:3

«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Талғат Күсяпов, Денис Поляков, Даниил Бескоровайный, Камо Оганесян – Аслан Дарабаев (Сұлтан Сағнаев 90+1), Макс Эбонг, Жереми Манзорро – Педро Эуженио (Станислав Басманов 90+2), Марин Томасов (к), Рай Влут;

«Тұран»: Ержан Токотаев (қ) – Лев Скворцов, Қасымжан Таипов (Сұлтан Әбілғазы 90+4), Александр Клещенко, Олжас Керімжанов (к), Андрей Залеский – Абдуллай Диакате, Фархат Мұсабеков (Санжар Сатанов 90+3) –Алияр Мұхаммед, Тони Сильва (Таңат Нөсербаев 80), Шохан Абзалов (Еркін Тапалов 49);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×