«Атырау» өз алаңында «Ордабасыдан» басым түсті

02.05.2022, 00:55
«Атырау» бұл жеңістен кейін көш басындағы командалардың қатарына қосылды.
«Атырау» өз алаңында «Ордабасыдан» басым түсті

Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Атырау» өз алаңында «Ордабасы» командасын қабылдады. «Мұнайшы» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Бірінші таймның 29-минутында айып добынан кейін «Атырау» қорғаушысы Николай Тарасов баспен гол соқты. 46-минутта Эльхан Астанов 11 метрлік айып добын сәтті орындап, есепті теңестірді. Ал 53-минутта қақпашымен жеке-дара шыққан Андрия Филипович командасына жеңіс сыйлады.

Қазақстан Премьер-лигасы, 9-тур

«Атырау» – «Ордабасы» – 2:1

«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Сослан Такулов, Николай Тарасов, Матеус Бисси, Амандық Нәбиханов, Александр Соколенко – Тодор Петрович, Домантас Антанавичиус (Петр Гжельчак 46) – Дмитрий Плетнев, Анатолий Катрич (Қуаныш Қалмұратов 84), Андрия Филипович;

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) (к) – Сағадат Тұрсынбай, Евгений Чаговец, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажидов, Максим Ваганов – Секу Думбия (Луис Гедеш 81), Виктор Брага, Эльхан Астанов – Всеволод Садовский, Серж Ньюадзи;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×