«АҚТӨБЕДЕ» – КЕНЖЕСАРИЕВ, ГЕЙНРИХ, КАПАДЗЕ…

15.06.2012, 09:45
«АҚТӨБЕДЕ» – КЕНЖЕСАРИЕВ, ГЕЙНРИХ, КАПАДЗЕ…
«Ақтөбе» командасы өз құрамын күшейтуде. Жақында «Бунедкорға» кеткен Эмиль Кенжесариев командаға қайта оралды. Ал Өзбекстан құрамасының ойыншылары Александр Гейнрих пен Тимур Кападзе де Ақтөбеге келді. Бұл туралы «Ақтөбе» командасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 27 жастағы Александр Гейнрих «Пахтакордан» бастап өзбектің бірнеше командасында ойнаған. «Динамо Мәскеу», «Сувонг Самсунг» (Корея), «Эмирейтс» (БАӘ) командаларында ойнаған. Өзбекстан құрамасында 70 ойын өткізіп, 26 гол соққан. 30  жасар Тимур Кападзе өзбек командаларынан бөлек, кореялық «Инчхон» клубында доп тепкен. Өзбекстан құрамасының жейдесін 89 рет киіп, 8 гол салған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Келесі жаңалық
Матч миниатюралары
×