Ақтөбеге бірге жанкүйер болайық !!!

03.08.2011, 06:22
Ақтөбеге бірге жанкүйер болайық !!!
Футболдан УЕФА мен Еуропа лигасының ойындары кімді болса да бейжай қалдырмайды. Іріктеу кезеңдерінен бастап финалдық тартысқа дейінгі уақыт аралығында өз клубына жанкүйер болғандар көгілдір экраннан көз алмайды. Еурокубоктағы қазақ футболының намысын қорғап жүрген арпа ішіндегі жалғыз бидайымыз -  Ақтөбе Еуропа лигасының 3-ші іріктеу кезеңіндегі Аланиямен өтетін қарымта ойыны ертең, яғни, тамыз айының 4 жұлдызында сағат 21:55 те Ақтөбе орталық стадионында басталады. Осы кездесуді Қазақстан ұлттық телеарнасынан тікелей эфирден тамашалай аласыздар. Футбол жақсы көңіл-күй сыйласын  !!!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×