Қазақстанның премьер-лигасы - өз командаңның ойынын өткізіп алма!

03.08.2011, 05:54
Қазақстанның премьер-лигасы - өз командаңның ойынын өткізіп алма!
Құрметті футбол жанкүйерлері!!! Футбол - әлемде нөмірі бірінші саналатын спорт түрі. Сондықтан, Ұлттық арна кәрі мен жас жарыса қызықтап көретін бұл ойынды назардан тыс қалдырмақ емес. Футболдан ҚР чемпионаты аясындағы матчтарды kaztrk.kz сайтындағы онлайн көрсетілім арқылы тікелей эфирде және таспаға жазып алынған нұсқасын сайттың «Бағдарламалар мұрағаты» бөлімінен көре аласыздар.«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрсететін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ойындары Қазақстан футбол федерациясы бекіткен маусым кестесіне сай жасалады. Ұлттық арна ұсынатын трансляциялардың басқа арналардағы көрсетілімдерден бір ерекшелігі - тілшілер ойын басында, екі таймның ортасында және ойын аяғында мамандармен, футболшылар мен бапкерлерден сұхбат алады. Яғни, ойынның телевизиялық нұсқасын көріп отырған көрермен коментаторлар берген ақпардан бөлек, ойыншы мен бапкердің ойын барысына берген бағасынан да хабардар болып отырады. Сондай-ақ, өзіңізді қызықтырған бейнематериалды мына жерден таба аласыз: http://kaztrk.kz/kaz/telekanal/programs/114.html - «Бағдарламалар мұрағатын» басыңыз. Бейнематериал салынған күндер көк түспен белгіленген. ШБ жетекшісі: Павел Цыбулин Продюсері: Сәуле Мықтыбаева Шеф-редакторы: Дина Ысқақова Комментаторлар: Есей Жеңісұлы, Шалқар Естен, Ермұхамед Мауленов, Ержан Жиренбаев, Ғалым Сүлеймен, Андрей Лицов, Роман Лопатенко, Владимир Жарков, Дмитрий Мостовой. Режиссерлері: Бағлан Бидайбаев, Рубикжан Яхин, Тахир Ильянов Режиссер асистенті: Сұлтан ТОҚПАҚОВ Редактор: Азиз Тастаев Ұзақтығы: 2 сағат Редакциясы: «Спорттық бағдарламалар» ШБ Жанры: спорттық ойын Таралу тілі: қазақ тілі, орыс тілі Байланыс мәліметтері: 8 /727/ 393 22 10; sport@kaztv.kz Аяқдоп шеберлерінің тартысты ойындарын бірге тамашалайық!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×