Футболда да жемқорлыққа жол жоқ

03.08.2011, 00:45
Футболда да жемқорлыққа жол жоқ
Футболдағы жемқорлыққа жол жоқ. ФИФА президенті Зепп Блаттер Рио-де-Жанейрода Футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесінде бұл спорт түріндегі жемқорлықты түбімен жою керектігін басып айтты. Мұндай отырыстар биыл өткен ФИФА төрағасын сайлауалды науқаны кезінде орын алған жағдайдан соң жиілеп кеткені рас. Естеріңізде болса, Блаттердің басты қарсыласы, Азия футбол Ассоциациясының басшысы, катарлық Мұхаммед Бин Хаммам сайлауда жеңіп шығуы үшін Кариб бассейні елдерінің қауымдастықтары басшыларына 40 мың АҚШ доллары көлемінде пара беруі анықталған болатын. Халықаралық ұйым басшысы енді, әсіресе, 2014 жылы өтетін әлем біріншілігі және барлық деңгейдегі турнирлерде өзара келісілген матчтардың болдырмауын қадап айтты. «Алдағы сенбі күні әлем чемпионатына іріктеу сынының жеребесі тартылады, міне, сол сәттен бастап атқарушы комитет қызметкерлері барынша мұқият болып, кез келген деректерді қадағалап, жіті тексеріп отыруды тапсырамын», деді өз сөзінде Блаттер. (kaztrk.kz)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×