«Ақтөбенің» бұрынғы бапкері «Жетісуды» жаттықтыруы мүмкін

29.12.2020, 03:57
Дмитрий Огай жақын арада командадан кетеді.
«Ақтөбенің» бұрынғы бапкері «Жетісуды» жаттықтыруы мүмкін

Беларуссиялық маман Александр Седнев - "Жетісудың" бас бапкері қызметіне басты үміткерлердің бірі, деп хабарлайды Vesti.kz. 47 жастағы бапкердің Қазақстанда тәжірибесі бар, ол бұрын "Ақтөбені" жаттықтырған.

Бұл "Жетісуда" басшылық ауысқанда және клуб директоры болып Самат Смақов тағайындалған жағдайда мүмкін болады. Өздеріңіз білетіндей, Седнев "Ақтөбеде" екі маусым жұмыс істеді (2018, 2019), сол кезде Смақов клубтың жетекшісі болған.

Өткен жылы Седнев беларуссиялық "Рухта" жұмыс істеді, айтпақшы, оның штабында қазақстандық маман Андрей Феропонтов болды, ал командада Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев өнер көрсетті.

Бұған дейін беларуссиялық БАҚ өкілдері БАТЭ мен бірнеше ҚПЛ клубтарының Седневке қызығушылығы туралы хабарлаған. Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда "Жетісу" Премьер-лигада алтыншы орынға ие болды, осылайша маусым алдындағы тапсырманы орындамады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×