«Эвертон» - «Манчестер Сити» матчы коронавирустың кесірінен кейінге қалдырылды

29.12.2020, 03:38
Гвардиола командасында вирус жұқтырған ойыншылардың бар екені анықталды.
«Эвертон» - «Манчестер Сити» матчы коронавирустың кесірінен кейінге қалдырылды

Бүгін, 28 желтоқсанға жоспарланған Англия Премьер-лигасының "Эвертон" - "Манчестер Сити" арасындағы ойыны кейінге қалдырылды.

ВВС-дің хабарлауынша, мұндай шешімге "Манчестер Ситиде" коронавирустың таралуы себеп болған. Жұма күні "қалалықтар" сапында шабуылшы Габриэль Жезус, қорғаушы Кайл Уокер және тағы екі команда қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны хабарлады. Бүгін команда сапында инфекция жұұтырған адамдардың бар екені анықталып, "Эвертонмен" ойын осы себеппен кейінге шегерілгені белгілі болды.

Медициналық көрсеткіштерге сүйене отырып, Премьер-Лига басшылығы екі клубпен кеңескеннен кейін кездесуді кейінге қалдыруға шешім қабылдады. Ауру жұқтырғандардың барлығы Англия Премьер-лигасының және Ұлыбритания үкіметінің хаттамасына сәйкес өзін-өзі оқшаулайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×