«Ақтөбенің» өткен маусымдағы үздік бес ойыншысы анықталды

17.11.2020, 18:23
«Ақтөбе» Премьер-лигаға еш қиындықсыз жолдама алды.
«Ақтөбенің» өткен маусымдағы үздік бес ойыншысы анықталды

«InStat» халықаралық статистикалық порталы Бірінші лиганың өткен маусымындағы ойыншылардың статистикасы туралы мәліметтер ұсынды.

«InStat Index» мәліметі бойынша «Ақтөбедегі» бес үздік ойыншы анықталды:

1. Әділхан Таңжарықов - 236 ұпай;

2. Эдуард Суханов - 228 ұпай;

3. Олег Чернышов - 223 ұпай;

4. Рустам Темирхан - 220 ұпай;

5. Виталий Волков - 220 ұпай;

Әділхан өткен маусымда бір гол соқты және бір нәтижелі паспен ерекшеленді. Тізімдегі екінші орында Эдуард Суханов тұр. Оның еншісінде 4 гол бар. Ал Олег Чернышов маусым қорытындысы бойынша 3 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Қорғаушы Рустам Темирхан ерекше өнерімен көзге түсіп, төртінші орынды иеленсе, бесінші сатыға команда капитаны Виталий Волков тұрақтады. Виталий өткен маусымда 2 гол соғып, бір голдық пас берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×