Луис Суарес «Барселонамен» болатын матчқа қатыспауы мүмкін

17.11.2020, 18:12
«Барселонаға» гол соқса, қызықтың көкесі болатын еді.
Луис Суарес «Барселонамен» болатын матчқа қатыспауы мүмкін

"Атлетико" шабуылшысы Луис Суарестің коронавирустық инфекцияға байланысты тапсырған сынағы оң нәтиже берді, деп хабарлады Уругвай футбол федерациясының баспасөз қызметі. Енді Суарес қайта сынақтан өтуі керек, бірақ шабуылшы келесі матчтарды жіберіп алуы мүмкін.

18 қарашада Уругвай құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Бразилияны қабылдайды. Ал 21 қарашада "Атлетико" Ла Лиганың 10-турында "Барселонамен" кездеседі. Суарес "Атлетикоға" осы маусымның басында ауысып келді, оған дейін ол "Барселонада" ойнаған.

Суарес каталондық клубқа 2014 жылы "Ливерпульден" ауысқан. Уругвайлық шабуылшы "Барселонаға" көптеген трофейлерді жеңіп алуға көмектесті, соның ішінде төрт рет Испания чемпионы атанды және бір рет Чемпиондар Лигасында топ жарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×