«Ақтөбенің» рейтингі көтерілді

20.08.2011, 22:50
«Ақтөбенің» рейтингі көтерілді
Қазақстанның «Ақтөбе» футбол клубы УЕФА рейтингінде 47 орынға жоғары көтерілді. Сөйтіп, Владимир Мұқанов баптайтын команда Еуропаның ең үздік 200 клубының қатарына кірді. Биыл Еуропа лигасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңіне дейін жеткен «Ақтөбе» 247 орыннан 200-орынға дейін көтеріліп отыр. Сондай-ақ әлемнің ең үздік 450 клубының қатарында «Тобыл», «Шахтер», «Ертіс», «Атырау» және «Оқжетпес» командалары да бар. Қостанайлықтар рейтингте 305-орыннан көрінсе, кеншілер 359-орын, керекуліктер 360-орын, мұнайлы қаланың командасы 378-орын және көкшеліктер 392-орынға табан тіреген. Ал бірінші орынға Англияның «Манчестер Юнайтеді» орналасса, екінші орын Испанияның «Барселонасында». Лондонның «Челсиі» үздік үштікте. Бұл үштіктен кейінгі орындарды иеленген Еуропа алпауыттары:  Бавария,   Арсенал,   Реал Мадрид,  Порту,  Интернационале, Ливерпуль, Шахтер Донецк. Автор: Арсен Жанаділ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×