«Ақтөбенің» тәжірибелі қақпашысы командадан кетті

17.12.2021, 16:51
Қазір клуб басшылығы бірнеше қақпашылармен келіссөз жүргізуде.
«Ақтөбенің» тәжірибелі қақпашысы командадан кетті

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 37 жастағы қақпашы Жасұр Нарзиқұлов келесі жылы «Ақтөбе» сапында ойнамайды.

Жаттықтырушылар штабы мен клуб басшылығы бірауыздан команданың тәжірибелі ойыншысынан бас тартып, жаңа қақпашылар алуды көздеп отыр. Нарзиқұлов Премьер-лиганың өткен маусымында 19 матчқа қатысып, 32 гол жіберіп алған. Оған бәсекелес болған ресейлік қақпашы Сергей Ревякин де «Ақтөбеден» кетіп қалды.

«Ақтөбе» келесі маусымда үлкен жетістіктерге жеткісі келеді, сондықтан маусымаралық кезеңде команданың құрамы айтарлықтай жаңартылмақ.

Қазір ақтөбелік клуб Нарзиқұловтың орнын басатын қақпашы іздеуде. Негізгі үміткерлер – сербиялық Саша Стаменкович пен «Қызыл-Жардың» капитаны Мирослав Лобанцев. Сондай-ақ клуб жас қақпашылардың бірімен келісім-шартқа отыру мүмкіндігін қарастыруда, атап айтқанда, команданың бапкерлер штабы Мұхамеджан Сейсен («Тараз») мен Данил Устименкоға («Қайрат») қызығушылық танытуда. «Шахтердің» қақпашысы Игорь Трофимец те клубтың назарына ілікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×