«Ливерпуль» АПЛ рекордын орнатты. Салах Вардидің жетістігін қайталады

17.12.2021, 16:28
Юрген Клопп шәкірттері кеше сенімді жеңіске қол жеткізді.
«Ливерпуль» АПЛ рекордын орнатты. Салах Вардидің жетістігін қайталады

«Ливерпуль» Англия чемпионатының 17-турында «Ньюкаслды» қарсы 3:1 есебімен жеңді. Осылайша, мерсисайдтық клуб қатарынан 32 матчта гол соқты. Opta статистикалық порталының хабарлауынша, мұндай көрсеткіш клуб тарихында бұрын-соңды болмаған екен.

«Ливерпуль» соңғы рет 2021 жылдың 14 сәуірінде өткен УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Реалға» қарсы ойында (0:0) гол соға алмаған.

Сондай-ақ «Ливерпуль» Англия чемпионаты тарихындағы 2000 мәрте жеңіске жеткен алғашқы клуб атанды. Айта кетейік, Премьер-лигадағы жеңістер саны бойынша үздік үштікте «Арсенал» (1926 жеңіс) және «Эвертон» (1872) тұр.

Бұл кездесуде гол соққан Мохамед Салах Премьер-лигада 15 матч бойы нәтижелі іс-әрекетпен көзге түсіп келеді. Мысырлық шабуылшы бұл көрсеткіш бойынша Джейми Вардидің рекордтын қайталады.

16 ойында 37 ұпай жинаған «Ливерпуль» Премьер-лиганың турнирлік кестесінде екінші орында тұр және «Манчестер Ситиден» бір ұпайға артта келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×