Талдықорғанның «Жетісу» клубында қаржылық мәселелерге байланысты жағдай ушығып тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Команданың шетелдік футболшылары Қазақстан Премьер лигасының соңғы турында елордалық «Астанаға» қарсы өтетін матчқа қатыспау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұған клубтың ойыншылар алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамауы себеп болған.
Дереккөздepдің хабарлауынша, «Жетісу» легионерлері маусым айынан бері жалақыларын алмаған. Сонымен қатар клуб басшылығы футболшылардың чемпионат аяқталғаннан кейін өз елдеріне оралуы үшін ұшақ билеттерін алып беруден бас тартқан деген ақпарат бар. Осы жағдайға байланысты бірден алты шетелдік ойыншы 30-турдағы кездесуге қатыспауы мүмкін.
Алдағы ойын Талдықорғандық клуб үшін аса маңызды. «Жетісу» турнир кестесінде соңғы орындардың бірінде орналасқан және элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Командаға алдағы кездесуде жеңіске жету қажет, алайда алты легионердің алаңға шықпауы бұл міндетті орындауды қиындатуы мүмкін.
Осылайша, қаржылық мәселелер Қазақстан чемпионатының шешуші кезеңінде «Жетісудың» ойын нәтижесіне тікелей әсер етуі ықтимал. Қазіргі уақытта легионерлердің «Астанаға» қарсы матчқа қатысатыны немесе бойкот жариялайтыны жөнінде түпкілікті шешім жарияланған жоқ.