Қазақстан кубогының финалы Түркістанда өтеді

Бүгін, 12:57

Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы Қазақстан кубогының финалы өтетін стадионды ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстан кубогының финалы Түркістанда өтеді

Шешуші кездесуде Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қызылорданың «Қайсарымен» кездеседі. Матч Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді.

Финалдық ойын 7 қарашаға жоспарланған. Кездесу 16:00-де басталады. Бұған дейін екі клубтың да финалды Астанадағы «Астана Арена» стадионында өткізу туралы өтініш білдіргені хабарланған еді. Алайда ҚФФ шешуші матчтың өтетін орны ретінде Түркістанды бекітті.

«Ордабасы» биыл Қазақстан Премьер лигасының чемпионы атанып, маусымды екі бірдей отандық трофеймен аяқтауға мүмкіндік алды. Шымкенттік клуб 29-турдан кейін чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Бұл үшін «Қайраттың» «Ақтөбемен» 2:2 есебімен тең түсуі де шешуші рөл атқарды. Осылайша, Андрей Мартин шәкірттері 68 ұпай жинап, 64 ұпайы бар Aлматылық команданы басып озды.

«Ордабасы» үшін бұл — клуб тарихындағы екінші чемпиондық. Шымкенттіктер бұған дейін 2023 жылы Қазақстан чемпионы атанған болатын. Енді команда Қазақстан кубогының финалында жеңіске жетсе, бір маусымда ел чемпионаты мен кубогын қатар ұтып, «алтын дубль» жасайды.

Ал «Қайсар» үшін финал маусымды ірі жетістікпен аяқтауға берілген мүмкіндік болмақ. Екі команда арасындағы тартыс 7 қарашада Түркістанда шешіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×