Белоруссиялық клубта ойнаған екі қазақстандық футболшы командасыз қалды

17.12.2021, 16:05
Екі футболшының да келісім-шарты аяқталды.
Белоруссиялық клубта ойнаған екі қазақстандық футболшы командасыз қалды

20 жастағы қазақстандық шабуылшы Бақдәулет Зульфикаров белорусиялық «Энергетик-БГУ» командасынан кетті, деп хабарлайды Football.by сайты.

Зульфикаров белоруссиялық клубқа осы жылдың наурыз айында ауысты. Негізгі команда үшін 4 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.

«Андижан» клубында ойнаған Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев те «Энергетика-БГУ» клубына оралды. Бірақ белоруссиялық клуб 24 жастағы жартылай қорғаушымен келісім-шартты ұзартпау туралы шешім қабылдады

Владислав Васильев 2018 жылдан 2019 жылға дейін, сондай-ақ 2021 жылдың наурызынан шілдесіне дейін «Энергетик-БГУ» сапында доп тепті. Ол белоруссиялық клуб жейдесінде 60 матч өткізіп, 18 гол соқты, 16 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×