«Ақжайық» алты футболшымен келісім-шарт жасасты

27.02.2021, 03:13
Бес футболшымен келісім-шартты ұзартты, ал бір ойыншы жаңадан келді.
«Ақжайық» алты футболшымен келісім-шарт жасасты

"Ақжайық" футбол клубы кейбір жергілікті футболшылармен жасалған еңбек келісім-шартының мерзімін ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме Бауыржан Омаров, Руслан Хаиров, Эльдар Абдрахманов, Владимир Покатилов және Иван Антипов туралы болып отыр.


Сондай-ақ оралдық клуб Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушы Наурызбек Жагоровты қатарға қосты. 22 жастағы футболшы бұған дейін "Атырау", "Оқжетпес" және "Екібастұз" клубында доп тепкен. Наурызбек 2019 жылы "Ақжайық" сапында 26 матч өткізіп, 3 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанған. Ал өткен жылы "Екібастұз" клубының жейдесінде 11 матч өткізіп, 1 рет мергендігімен көзге түсті, 3 нәтижелі пасы тағы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×