Қазақстан Суперкубогінің ойындарын жанкүйерлер алаңнан тамашалай ала ма?

27.02.2021, 04:32
Жанкүйерлер тек бір матчты ғана алаңнан тамашалауы мүмкін.
Қазақстан Суперкубогінің ойындарын жанкүйерлер алаңнан тамашалай ала ма?

Қазақстан Суперкубогі аясында өтетін матчтарға жанкүйерлердің кіруіне рұқсат етіледі (30%). Бірақ олар тек 1 матчты ғана алаңнан тамашалауы мүмкін (финал). Сондай-ақ "Түркістан Аренаға" кез-келген адам кіре алмайды, деп хабарлады Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында.

Стадионға кіру үшін:

1)тізімге енуі керек. Бұл тізімде жасөспірімдер спорт мектебінің және басқа мекемелердің балалары болуы мүмкін.

2)Коронавирусқа арналған жаңа ПТР тест болуы қажет.

3)Түркістан қаласының және облыстың тұрғыны болу. Басқа қаланың тұрғындары алаңға кіре алмайды. Сондықтан «Қайрат», «Астана», «Тобыл» және «Шахтер» клубтарының жанкүйерлері сапар туралы ойланбай-ақ қойса да болады.

4)Егер сіз Түркістанға барып, тәуекел жасап, матч кезінде стадионның сыртында командаңызға қолдау көрсетсеңіз құқық қорғау органдары сізді алып кетіп, мұның нашар идея екенін сыпайы түрде түсіндіреді.

ҚПЛ матчтарына көрермендердің қатысу мәселесіне келетін болсақ, мұнда да бәрі қарапайым емес. Кешеннің 30 пайызына жанкүйерлердің кіруіне рұқсат етіледі. Бірақ тағы да бірнеше нюанстар бар. Бұл ереже әлі де пысықталуда, бірақ қонақ команда жанкүйерлерінің стадионға кіруіне тыйым салынады деп нақты айта аламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×