Роман Абрамович Холандтың «Челсиге» ауысуына өз келісімін берді

27.02.2021, 04:49
«Челсиге» топ-трансферлер жасау үшін пандемия кедергі болмауда.
Роман Абрамович Холандтың «Челсиге» ауысуына өз келісімін берді

"Челси" қожайыны Роман Абрамович "Боруссия Дортмунд" шабуылшысы Эрлинг Холландты сатып алуға өз келісімін берді. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, лондондық клуб Бундеслиганың жас жұлдызы үшін 100 миллион еуродан астам қаражат жұмсауға дайын. Бұған дейін "Челси" қожайынының басты мақсаты жақын арада Чемпиондар Лигасын жеңіп алу екендігі белгілі болған еді және бұл үшін ол жазда жаңа ойыншылар сатып алу үшін 300 миллион еуро бөлуге дайын.

Айта кетейік, "Челси" өткен жазда Тимо Вернер, Хаким Зиеш, Бэн Чилуэлл, Тиаго Силва, Кай Хаверц және Эдуард Мендиді қатарға қосу үшін 247 миллион еуро жұмсаған болатын.

Холланд Германия чемпионатының ағымдағы маусымында 17 матч өткізіп, 17 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Шабуылшы УЕФА Чемпиондар Лигасында 5 кездесуге қатысып, 8 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×