«Ақжайық» клубы украиналық маман Владимир Мазярмен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.
«Қазір украиналық маман еңбек демалысын туған жерінде өткізуде. Келесі маусымға дайындық қаңтар айында басталады», - деп жазады оралдық клубтың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Владимир Мазяр «Ақжайықты» осы жылдың басында тізгіндеген болатын. Оның жетекшілігімен команда Премьер-лиганың өткен маусымын тоғызыншы орынмен аяқтады. Ол 2018 жылы да оралдық клубты жаттықтырған.
Біздің серіктес: FONBET