«Ақжайық» екі ресейлік футболшымен толықты

02.03.2021, 21:26
Бірі ресейлік «Зениттің» түлегі екен.
«Ақжайық» екі ресейлік футболшымен толықты

Оралдық "Ақжайық" екі ресейлік футболшымен келісім-шартқа отырғанын жариялады.

26 жастағы жартылай қорғаушы Евгений Козлов - Санкт-Петербургтік "Зенит" командасының түлегі. Ол Ресейде "Витязь", "Волга", "Динамо-СПб," сондай-ақ финляндиялық "Лахти", белоруссиялық "Шахтер-Солигорск", латвиялық "Спартак Юрмала" және "Вентспилс" командаларында ойнады. Латвия чемпионатының соңғы маусымында 26 матч өткізіп, 11 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Бұған дейін "Ақтөбе" клубында қаралымда болған.

25 жастағы шабуылшы Дмитрий Мичуренков соңғы жарты жыл бойы "Нижний Новгородта" доп тепкен (12 матч). Сонымен қатар ол "Рубин", "Армавир", "Факел", "Нефтехимик" және "Авангард" клубтарында ойнады. Жалпы кәсіби деңгейде 144 кездесу өткізіп, 14 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×