«Қайсар» Литва құрамасының шабуылшысымен келісім-шартқа отырды

02.03.2021, 18:32
Футболшы өткен маусымда Словения чемпионатында өнер көрсетті.
«Қайсар» Литва құрамасының шабуылшысымен келісім-шартқа отырды

Литва құрамасының шабуылшысы Каролис Лаукжямис қызылордалық "Қайсар" командасымен еңбек келісім-шартын түзді.

Шабуылшы "Қайсарға" дейін бірнеше клубта өнер көрсеткен. Атап айтсақ, литвалық "Атлантас", "Грантиес Клайпеда", "Судува", "Елгава", хорватиялық "Истра", словениялық "Табор" және "Хибернианс" командасы. Шабуылшы клубтық мансабында 200 ойын өткізіп, 45 мәрте көзге түскен.

Өткен маусымда "Табор" сапында 11 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Каролис 2018 жылы Литва құрамасында дебют жасады. Содан бері 19 ойынға қатысып, 2 голдың авторы атанды.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×