«Ақжайық» клубына жаңа бапкер тағайындалды

15.07.2022, 00:15
Оралдық клуб Армения біріншілігінде жақсы нәтиже көрсеткен маманға сенім артты.
«Ақжайық» клубына жаңа бапкер тағайындалды

39 жастағы молдовалық маман Игорь Пикущак «Ақжайық» клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды.

Пикущак - Тирасполь футболының тәрбиеленушісі. Футболшы ретінде «Шериф», «Краснодар», «Амкар» клубтарының намысын қорғады. Сондай-ақ Молдова құрамасы сапында 22 ойын өткізген.

Жаттықтырушы ретінде армениялық «Ноа» және ресейлік «Акрон» командаларында қызмет етті. 2019/20 жылғы маусымда Армения чемпионатының күміс жүлдегері және ел суперкубогінің иегері атанды.

Бұған дейін Ақжайық клубын Владимир Мазяр жаттықтырған еді. «Қайратпен» болған матчтан кейін жұмыстан кету туралы арыз жазған украиналық маман «Қайсарға» қарсы өткен ойыннан кейін қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×