Усман Дембеле «Барселонамен» келісім-шартын ұзартты

14.07.2022, 22:10
Француз футболшысы каталониялық клубта тағы екі жыл ойнайды.
Усман Дембеле «Барселонамен» келісім-шартын ұзартты

Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле «Барселонамен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

25 жастағы француз футболшысы каталониялық клубта 2024 жылдың жазына дейін өнер көрсетпек.

Дембеле «Барселонада» 2017 жылдан бері ойнап келеді және 2022 жылдың жазында клубтан еркін агент ретінде кетті. Өткен маусымда шабуылшы каталондықтар сапында 32 матч өткізіп, 2 гол соқты, 13 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×