«Ақжайық» Мозамбик құрамасының шабуылшысымен келісім-шартқа отырды

28.07.2021, 20:45
Артур Қазақстан чемпионатында екі команданың намысын қорғады.
«Ақжайық» Мозамбик құрамасының шабуылшысымен келісім-шартқа отырды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ақжайық" "Шахтер" мен "Қайсардың" бұрынғы шабуылшысын алу туралы шешім қабылдады.

31 жастағы Мозамбик шабуылшысы Режиналду Артур Файфе "Ақжайықпен" маусым соңына дейін келісім-шарт жасасады. Шабуылдаушы оралдық клуб орналасқан жерге Мозамбик елінен кіруге рұқсат алғаннан кейін бірден келуі керек.

Режиналду Қазақстанда екі команданың намысын қорғады. 2019 жылғы маусымда ол "Шахтер" сапында 17 матч өткізіп, 3 гол соқты, ал өткен жылы "Қайсарда" дәл осындай көрсеткішке ие болды - 17 матч және 2 гол. Ол соңғы мәрте Солтүстік Македонияда ойнайтын "Шкупи" клубында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×