"Ақжайық" футбол клубы Сергей Шустиковпен келісім-шартқа отырды. 31 жастағы қорғаушы Мәскеу футболының түлегі. Кәсіби мансабын 2008 жылы "Крылья Советов" клубында бастады.
Сондай-ақ "Химки" (Дзержинск), "Ростов", "Волга" (Ульяновск) командаларында ойнады. Соңғы бес маусым бойы мәскеулік "Торпедоның" намысын қорғады. Оның Ресей жастар құрамасында өткізген бір кездесуі бар.
Сергей - аңызға айналған Виктор Шустиковтың немересі (Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері - 1964 ж., "Торпедоның" аңызы), сонымен қатар "Торпедодан" бөлек, испаниялық "Расинг" пен "Осасуна" клубтарында ойнаған Сергей Шустиковтың ұлы.
Біздің серіктес: FONBET