«Ақжайық» Владимир Мазярдың арызын қабылдамады

06.07.2022, 02:50
Украиналық маман оралдық клубты әрі қарай да жаттықтара бермек.
«Ақжайық» Владимир Мазярдың арызын қабылдамады

«Ақжайықтың» бас бапкері қызметінен кеткен украиналық маман Владимир Мазяр оралдық клубты әрі қарай да жаттықтыра бермек.

«Владимир Иванович Мазяр отставкаға кеткеннен кейін «Ақжайық» ФК басшылығы футболшылар мен бас бапкер арасында кездесу өткізді.

Клуб ойыншылары жаттықтырушыны толығымен қолдады - бұл украиналық маманның жұмыстан кету туралы арызын қабылдамауға түрткі болды.

Жазғы трансферлік терезеде команда құрамы жаңа ойыншылармен күшейеді - бұл команда ішіндегі бәсекелестікті арттырады және турнирлік кестедегі жағдайды түзетуге көмектеседі», - делінген клубтың мәлімдемесінде.

Естеріңізде болса, Премьер-лиганың он алтыншы турында «Қайратпен» болған ойыннан кейін Мазяр «Ақжайықтан» кететінін хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×