«Ақжайық» жаңа бас бапкер тағайындады

13.01.2021, 21:13
Оралдық клуб бұрынғы бапкерді қайтару туралы шешім қабылдапты.
«Ақжайық» жаңа бас бапкер тағайындады

43 жастағы украиналық маман Владимир Мазяр қайтадан "Ақжайық" командасының бас бапкері болды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Премьер-лигаға оралған "Ақжайық" клубы украиналық тәлімгер Владимир Мазярды бас бапкер қызметіне қайтару туралы шешім қабылдады. Ол бұған дейін оралдық командада жұмыс істеген. Мазяр "Ақжайық" клубына 2017 жылдың желтоқсанында бас бапкер болып тағайындалды және маусымның ортасында "Ақтөбемен" болған оғаш матчтан кейін ол өз еркімен қызметінен кетті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда "Ақжайықты" Артур Авакянц жаттықтырды, бірақ маусым аяқталар тұста Алексей Тугушев бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде команда тізгінін ұстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×