«Ақтөбе» бразилиялық ойыншыны қатарға қосты

13.01.2021, 20:53
«Ақтөбе» үш күннен кейін Чемпиондар лигасында АЕК клубына қарсы ойнайды.
«Ақтөбе» бразилиялық ойыншыны қатарға қосты

Уеленилсон Сораес Брито футзалдан "Ақтөбе" командасының ойыншысы атанды.

Бүгін шағын футболдан "Ақтөбе" командасы бразилиялық ойыншымен толықты. Өзінің елінде "Toledo", "Foz Cataratas" командасындаларында ойнаған Уеленилсон, 2019 жылы Италия чемпионатындағы "Pesara C5" командасында да доп тепкен. Өткен жылы "Acel" командасында өнер көрсеткен екен.

Еске салайық, "Ақтөбе" МФК Чемпиондар лигасының 1/16 кезеңінде "АЕК Афины" командасымен кездесетін болады. Матч 16 қаңтарға жоспарланған. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×